Өңірлер

Маңғыстау облысы бойынша мемлекет қазынасына триллион теңге көлемінде төлем мен салық түсті - МКД

Мемлекеттік кіріс департаментінің (МКД) қорытындысы бойынша Маңғыстау облысынан төлемдер мен салықтан жиналған триллион теңгеден аса қаржы ел қазынасын толықтырды. Бұл туралы МКД-нің 2014 жылы жасаған жұмыстарына жасаған қорытынды отырысында белгілі болды.
Маңғыстау27 Қаңтар , 20:26

Департаменттің хабарлауынша,  былтырғы жылы 36 қылмыстық іс қозғалып, 1млрд. теңгеден аса шығын қайтарылған. 161,8 млн. теңгені құрайтын тауар мемлекет кірісіне айналдырылды. Нашаны шекарадан жасырын алып өтпек болғандармен күрес жолында 12,9 гр героин және 31,28 гр марихуана тәркіленген 4 есірткі қылмысы анықталды. Әкімшілік тәжірбие бойынша 741 әкімшілік мәлімет қаралып, 3,4 млн. теңге тауар тәркіленіп, 67,8 млн. теңге көлемінде айыппұл салынған.

«Кедендік бақылау мекемесі бойынша шығарылған тауар декларациясы 18,1 мыңды құраса, 24,8 мың транзиттік декларациясы рәсімделген. Импорт тәртіп бойынша кедендік тауар рәсімдеу уақыты бүгінде - 4 сағат 12 минут (жыл басында бұл көрсеткіш 16 сағаттан асатын болған), ал экспорттық кедендік рәсімдеу уақыты - 1,4 сағат», -деп хабарланған хаттамада.  




Яндекс.Метрика