Ұлттың денсаулығы

Н.Назарбаев: Қазақстанда велоспортты дамыту және кеңінен таныту үшін барлық жағдай жасалған

Елбасы "Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуровты қабылдады. Кездесуде велокоманданың қазіргі маусымдағы міндеттері, елдегі велосипед спортының даму перспективалары талқыланды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы27 Қаңтар , 15:19

Мемлекет басшысы Қазақстанда велоспортты дамыту және кеңінен таныту үшін қажетті барлық жағдай жасалып жатқанын айтты.

«Астанада мүмкіндіктері жағынан ең үздіктердің бірі саналатын «Сарыарқа» республикалық велотрегі салынды. Жоғары нәтижелер көрсетіп жүрген кәсіби велокоманда құрылды», – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев өскелең ұрпақты велосипед спортына баулудың маңыздылығын да атап өтті.

А.Винокуров команданың табыстары туралы, сонымен қатар Велосипедшілердің халықаралық одағының бастамасымен өтетін «Тур Алматы» жарысына деген қызығушылықтың өсіп келе жатқандығы туралы әңгімеледі. 

« Велокомандамыз биыл оныншы маусымын өткізеді. Біз өзіміз қатысып жүрген барлық жарыстарда жеңуге тырысамыз. Еуропада елеулі жарыстардың барлығында жеңіп, жақсы беделге ие болдық», – деді велокоманданың бас менеджері.

Кездесу барысында А.Винокуров Мемлекет басшысына былтыр «Тур де Франс» көпкүндік велобәйгесінде жеңіске жеткен «Астана» велокомандасының майкасын тарту етті. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика