Инфрақұрылымның дамуы

ШҚО-да 2019 жылға дейін коммуналдық салада 167 жоба жүзеге асырылады

ШҚО 2019 жылға дейін коммуналдық секторды жаңарту үшін 167 жоба жүзеге асырылмақ. Бұл туралы ШҚО энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Айтқазы Шерубаев мәлімдеді.
Шығыс Қазақстан27 Қаңтар , 18:41

А. Шерубаевтың айтуынша, ағымдағы жылы ТКШ бағдарламаларын жаңғырту аясында 13 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Аталмыш жобаларға жалпы сомасы 2 210,9 млн. теңге бөлінген. Сондай-ақ, «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша 3 жобаға 863,7 млн. теңге, «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 15 жобаға 4259,5 млн. теңге қаржы қарастырылған.

«Коммуналдық секторды жаңартуды жалғастыру үшін 2019 жылға дейін тиісті шаралардың Жоспары бекітіліп, жылумен қамтамасыз ету бойынша 101 және сумен қамтамасыз ету мен су бөлу нысандары бойынша 66 жоба қолға алынған. Жобалар жүзеге асырылса,  127 шақырым жылу жүйесі мен аймақ бойынша 32 пайызы ауыстыруды талап ететін су құбыры мен канализация жүйесінің 659 шақырымын қалпына келтіруге қол жеткіземіз», – деді А. Шерубаев. 




Яндекс.Метрика