Қазақ хандығына 550 жыл

Қазақтың тарихы 550 жылмен шектелмейді – Күзембаев (Видео)

Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуде халқымыздың тек 550 жылдық қана тарихы бар деген қате пікірге ұрынып қалмауымыз керек, дейді ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкері Қайыржан Күзембаев Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Астана қаласы 27 Қаңтар, 16:21

«Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуде халқымыздың тек 550 жылдық қана тарихы бар деген қате пікірге ұрынып қалмауымыз керек. Қазақ тарихы одан да тереңде тартады. Бірақ оған дейінгі әр жүздің ішіндегі Найман мемлекеті, Керей мемлекеті секілді жекелеген рулардың басын біріктіріп алғаш рет мемлекет болып құрылғаны осы Керей мен Жәнібектің хандығы болып табылады. Тарыдай шашылған қазақтың басын қосқан Керей мен Жәнібек хандардың мемлекет құрғанына міне, биыл 550 жыл толып отыр. Осы кезден бастап қазақ деген мемлекет, қазақ деген ел жеке-дара таныла бастады», - дейді ол. 

Мемлекет басшысының басшылығымен тәуелсіздікке жеткен еліміз енді осы егемендігін жоғалтпай, Алаштың ұлы бірлігінен айнымасын», - деп түйіндеді өз сөзін Күзембаев.

Камила Амирова 





Дерекнама

Яндекс.Метрика