Үкімет

ҚР Үкіметі 2015 жылға арналған өндірістік кәсіпорындарға қолдау көрсету жоспарын жасақтады

Қазақстан Республикасының Үкіметі Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұстанымын есепке ала отырып 2015 жылға арналған өндірістік кәсіпорындарға қолдау көрсету жоспарын жасақтады, деп хабарлады ҰКП.
Астана қаласы27 Қаңтар , 14:49

«Жоспарға енгізілген шаралардың басым бөлігі қазақстандық кәсіпорындарға тікелей көмек көрсетуге бағаттылған, олар: теміржол мен электр энергия қызметінің тарифтерін  төмендету немесе сақтап қалу, мемлекеттік келісім шарттар мен қаржыландыру ресурстары арқалы өндіріс көлемін сақтап қалу», - делінген ҰКП ІІ Съезі туралы хабарламада.

Сонымен қатар, ҰКП ұсынысымен аталмыш шаралар жоспарына мынадай өзгерістер енгізілді: валюталық табысы жоқ кәсіпорындардың валюталық қарызын конвертациялау, яғни ұлттық валютаға алмастыру; теміржол желісі қызметі үшін тарифтерді өзгерту, тапсырыспен қамтамасыз ету Орталығын мен «Индустриалды сертификат» институтын құру.

Бұдан басқа, Ұлттық палата отандық тауар өндірушілердің мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың сатып алуына қатысуын кеңейту және сатып алуға қатысу бойынша проблемаларды шешу үшін шаралар кешенін жасақтады.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика