Өңірлер

Ұлттық палата «KAZNEX INVEST» акцияларының бiр бөлiгiн басқаруға ие болады

Ұлттық палата «KAZNEX INVEST» акцияларының бiр бөлiгiн басқаруға ие болады. Бұл туралы бүгiн ҰКП II съезi барысында палата басқармасының мүшесi Рустам Жүрсiнов мәлiмдедi.
Астана қаласы27 Қаңтар , 14:05

«Акционерлiк қоғам акцияларының мемлекеттк пакетiн иелену және қолдану құқығын бүгiнгi күні Инвестициялар және даму министрлiгi ведомстолары атқаруда. ҰКП туралы заңмен кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдау көрсету, сыртқы экономикалық қызметтi дамыту, инвестиция тарту саласында ҰКП-ның бiрқатар қызметтерi қарастырылған. Кәсіпкерлік саласында  ҰКП-мен қатар республикада «KAZNEX INVEST» ұлттық агенттiгiнiң жұмыс iстеп жатыр.  Басшылықтың тапсырмасына сәйкес, ҰКП басқармасы бүгiнгi күнi АҚ акцияларының бiр бөлiгiн сенiмгерлiк басқаруға алу нұсқаларын қарастырып жатыр.», - деді ол. 

Оның айтуынша, акциялар қоржынын сенiмгерлiк басқаруға алу ҰКП үшiн қосымша шығындарды талап етпейдi

«Бұл мемлекеттiк қызметтер сапасын арттыруға, қызметтердi атқару барысында ресурстарды бiрiктiру және үнемдеу, корпоративтiк басару деңгейiн арттыру және қабылданып жатқан басқару шешiмдерiнiң сапасын арттыруға мүмкiндiк бередi.», - деді Р.Жүнісов.

Аз мерзімнің ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, аталмыш мақсатты  жүзеге асыру үшін шаралар қолданылады.

Камила Амирова 




Дерекнама

Яндекс.Метрика