Өңірлер

ҚР холдингтер үшін ММЖ-ны төлеуді 25-50 пайызға азайтуды ұсынады - ҰКП

Қазақстанның Ұлттық палатасы міндетті мүшелік жарнаны төлеу кезіндегі қаржылық жүктемені холдингтар үшін 25-50 пайызға төмендетуді сұрайды, деп хабарлайды ҚР ҰКП төралқа төрағасы Абылай Мырзахметов ҚР ҰКП II Съезінде сөйлеген сөзінде.
Астана қаласы27 Қаңтар , 13:46

«Съезд жеке санаттарды бостуды тапсырды. Былтырғы жылы холдингтер бойынша  үлкен мәселе қойылған болатын.  Мыңнан аса кәсіпорындардың  өздерінің холдингтік құрылымдары болған.  Егер холдинг 100 пайыз құрылымға ие болса, 50 пайызын, егер 50 пайыздан сәл жоғары болса 25 пайызын босатуы керек деген шешім қабылданды», дейді А.Мырзахметов.

Сонымен бірге, ұйымдағы қызметкерлердің жартысына жуығы мүмкіндігі шектеулі жандар болса, онда ол компания ММЖ-н төлеуден толықтай босатылатын болды.   

«Ұсынылып отырған қосымша iшкi санаттар бойынша жарна градациясы орта бизнес төлейтiн жарна мөлшерiн 50%-ға (80 АЕК-тен немесе 158 560 теңгеден) төмендетті,ал iрi бизнес субъектiлерi үшiн 89%-ға (505 АЕК-тен немесе 1 000 910 теңге) төмендейдi деп күтiлуде», - делiнген баспасөз қызметi таратқан ақпаратта.

«Біз бұл жылы 70-80% жоспарды орындаймыз,  және үшінші жылы бұл тапсырманы, яғни мүшелік жарнаны төлеуді  100 пайызға жеткіземіз» ,- деді ҰКП басшысы. 

Камила Амирова 




Дерекнама

Яндекс.Метрика