Қазақ хандығына 550 жыл

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай еліміздегі 14 тарихи-мәдени ескерткіш қайта қалпына келтіріледі

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, яғни 2015 жылдың қыркүйек айына дейін еліміздегі 14 тарихи-мәдени ескерткіш қайта қалпына келтіріледі, деп хабарлады «Қазқайтажаңғырту» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Қанат Тұяқбаев ОКҚ-де өткен брифингінде.
Астана қаласы27 Қаңтар , 13:24

«2015 жылдың қыркүйек айында 14 нысан жоспар бойынша тапсырылады. Олар - Бесшатыр Қорғаны, 14-16 ғасырдағы Талғар көне археологиялық ескерткіштер, көне Тараз ескерткіштері мен т.б. Қазір онда (көне Тараз мекенінде - АА) 4 археологиялық топ жұмыс істеуде және олардың алдында қыркүйек айына дейін яғни Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту  басталғанға дейін аяқтау міндеті қойылып отыр», - деп мәлімдеді Қ. Тұяқбаев.

Сонымен қатар, «Қазқайтажаңғырту» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директорының айтуынша, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде 2017-2019 жылдарға арналған ескерткіштерді қалпына келтіру бойынша үш жылдық жоспар жасақталуда. 

Өз кезегінде, ҚР МСМ мәдениет және өнер істері бойынша департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова  атап өткендей, ағымдағы жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтумен байланысты ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстарына кеңірек көңіл бөлінуде. «Қазақстанда аталмыш мәселеге көбірек дең қойылған. Оның ішінде Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге байлынысты көне ескерткіштерді қалпына келтіру, сақтап қалу, тұмшалау сияқты жоспарға сай шараларда бар», - деді А. Райымқұлова.

Индира Кауметова

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика