Өңірлер

ҰКП атауы «Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасы болып өзгертілді

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасы деп өзгертілді, бұл туралы Астанада өткен Ұлттық кәсiпкерлер палатасының II съезi барысында Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев мәлімдеді.
Астана қаласы27 Қаңтар , 13:01

«Біз өткен жылдың соңында Елбасына ұлттық палатаның қызметі жайында есеп бердік. Сол  жылы кәсіпкерлік саласында атқарылған қыруар жұмыстар  «Атамекен» ҰЭП салып кеткен даңғыл жолдың негiзiнде ғана мүмкiн болып отыр. Сондықтан ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасының атауын «Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасы деп өзгерту жөнiнде ұсыныс айтылды. Мұның бәрі палатаның тиiстi жарғыларына өзгерістер енгiзудi талап етедi», - дедi Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының  төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев.

Съез  делегатттары ұсынысты қолдап, палата атауын өзгерту туралы оң шешiм қабылданды. 

Т. Құлыбаев атап өткендей,  «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасы Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған,  бүгiнгi палатаның iргетасы болды.

Камила Амирова

 




Яндекс.Метрика