Мәдениетті жаңғырту

Қазақстанда 2015 жылы 31 тарихи және мәдени ескерткішті қалпына келтіру үшін 630 млн теңге бөлінді (ФОТО)

Қазақстанда 2015 жылы 31 тарихи және мәдени ескерткішті қалпына келтіру үшін 630 млн теңге бөлінді, деп мәлімдеді «Қазқайтажаңғырту» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Қанат Тұяқбаев ОКҚ-де өткен брифингінде.
Астана қаласы 27 Қаңтар, 12:54

«Ағымдағы жылы 31 тарихи және мәдени ескерткішті қалпына келтіру үшін 630 млн теңге бөлінді», - деп мәлімдеді Қ. Тұяқбаев.

Сонымен қатар, «Қазқайтажаңғырту» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директорының айтуынша, Қазақстанда 2004 жылы Елбасының бастамасымен қабылданған «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында 73-тен аса республикалық маңызы бар тарихи-мәдени руханият ескерткіштері қалпына келтірілді. Ал, ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік құндылықтар тізіміне 2 ескерткіш енгізілді. Олар 2003 жылы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен 2005 жылы Тамғалы қорығы», - деп жалғастырды ол.

Өз кезегінде, ҚР МСМ мәдениет және өнер істері бойынша департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова  атап өткендей, Қазақстанда көне жәдігерлерді қалпына келтіру ісіне көбірек көңіл бөлінуде. «Тәуелсіздік алған жылдар ішінде республикалық және жергілікті деңгейдегі тарихи және мәдени ескерткіштер тізімі жасақталды, оның ішіне 30 мыңнан астам көне жәдігер енгізілді. Ал, оның 25 мыңнан астамы тарихи - мәдени археологиялық ескерткіштер», - деді А. Райымқұлова.

Индира Кауметова

 





Яндекс.Метрика