Халықаралық интеграция

Қазақстан-Словакия бизнес-семинарына 50-ден астам компания қатысты

Братислава қаласында Қазақстан Республикасының Чехия мен Словакиядағы Елшілігі Словакиялық сауда және инвестицияларды дамыту агенттігімен (SARIO) бірлесіп, «Қазақстан – нарыққа кірудің нақты мүмкіндіктері» тақырыбында бизнес-семинар ұйымдастырды.
Әлемде27 Қаңтар , 16:38

Семинар қатысушылары қазақстандық экономиканың бүгінгі ахуалы мен болашақта даму мүмкіндіктері, шетел инвестицияларды тартудың жаңа іс-шаралар мен тетіктері туралы хабардар болды. «Нұрлы Жол» және «Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына, сондай-ақ Астанада өтетін мамандандырылған халықаралық «EXPO-2017» көрмеге байланысты «жасыл» энергетика саласында бірлескен жобаларды іске асыру бойынша ерекше қызығушылық білдірілді, деп хабарлады СІМ.

«Екі елдің экономикалық мүдделерін ілгерілеу мақсатында «SARIO» және «KAZNEX INVEST» ҚР Елшілігінің қолдауымен 2015 жылы наурыз айында Қазақстанға бизнес-тур ұйымдастыруды жоспарлады», - делінген хабарламада.

 Словак кәсіпкерлер делегациясы іссапарының негізгі мақсаты Қазақстанның нарығын зерттеу, әлеуетті серіктестермен байланыстарды орнату және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын ашу болып табылады.




Яндекс.Метрика