Адамзаттық капитал

ӘҚК әскери институтын бітірген 79 лейтенант оқу-жаттығу – жауынгерлік қызметке кірісті

ҚР ҚК Әскери-әуе күштерінде екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының 2014 жылғы түлектерінің оқу-жаттығу жиындары аяқталды.
Казахстан27 Қаңтар , 20:43

Жиын 2015 жылғы ӘӘК қолбасшысының орынбасары (ТжИЖ жөніндегі), бөлім бастығы полковник Еркін Жұмағалиевтің жетекшілігімен 65229 әскери бөлімінің (Жетіген п.) оқу-материалдық базасында өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

79 жас лейтенант авиация қызметі мен бөлімшелерінің күнделікті жауынгерлік тыныс-тіршілігіне етене атсалысып, әскери бөлімнің түрлі объектілерінде: командалық-диспечерлік пунктте, сақтау тобында, техникалық-пайдалану бөлімінде, жанар-жағар май қоймасында, байланыс торабы мен радиотехникалық қамтамасыз ету объектілерінде болды.

«Аталмыш жиындардың мақсаты – Әскери-әуе күштерін замануи талаптарға сай біліктілігі жоғары офицерлік кадрлармен қамтамасыз ету», - делінген хабарламада.

Жиынның соңғы күні бірқатар үздік офицерлер аталып өтті.Сонымен, дене даярлығында лейтенанттар Айдын Рахимбаев (Алматы қ., авиация базасы) және Жанғали Ақылбеков (Шымкент қ., авиация базасы),  Макаров тапаншасынан атуда лейтенант Тимур Еспаев (Ақтау қ., авиация базасы) және лейтенант Райымбек Бекетов (Алматы қ., авиация базасы) көзге түсті.


 

 




Яндекс.Метрика