Инфрақұрылымның дамуы

Ақтөбеде 2015 жылы 86 мың шаршы метр тұрғын үй салынады – әкімдік

2015 жылы облыс орталығында «Нұр-Ақтөбе» шағын ауданында жалпы алаңы 59,3 мың шаршы метр 981 пәтерлік 18 блок-секцияны пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл туралы қала маңындағы Қарғалы ауылының тұрғындармен кездескен өзінің бірінші есебі барысында Ақтөбе қаласының әкімі Ерхан Омаров мәлім етті.
Ақтөбе27 Қаңтар , 15:47

Оның айтуынша,  «Самұрық-Қазына» АҚ-мен мемлекеттік-жеке әріптестік аясында «Юнис сити» тұрғын үй алқабындағы үш үйдің құрылысы басталды. Оның алаңы 37 мың шаршы метрді құрайды. Оларды да ағымдағы жылы тапсыру жоспарлануда. Коммерциялық тұрғын үйлерді салу  белсенді жүргізіліп жатыр.

«Тұрғын үй құрылысын салу көлемінің артуы үшін  жылу, су, газ, энергиямен жабдықтау инженерлік желілері, кәріз жүйесінің құрылысы қажет, - атап өтті әкім. - Бұл жағынан жұмыстар жалғаса беретін болады. Өткен жылы қала бойынша 34,8 шақырым газбен жабдықтау жүйесі, 124,6 шақырым электр желілері, 201 шақырым сумен жабдықтау желілері пайдалануға берілді. Соның арқасында 3 тұрғын үй алқабы, қалаға бағынысты 5 елді мекен газбен жабдықталды», - деді әкім.

 




Яндекс.Метрика