Мәдениетті жаңғырту

Ақтөбеде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған ардагерлер фестивалі өтті

Ақтөбеде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Қайран ерлер, каһарман ардагерлер!» атты ардагерлердің шығармашылық ұжымдарының фестивалі өтті.
Ақтөбе27 Қаңтар , 18:57

Ардагерлердің республикалық қоғамдық бірлестігі мен ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен облыстық Достық үйінде өткен байқауда сегіз хор ұжымы         мен би ансамбльдері бақ сынасты, деп хабарлады ішкі саясат басқармасы.

Облыс орталығының ардагерлері көрермендердің жүрегіне жол тапты. «Славяне» және «Шатлық» этномәдени бірлестіктері, «Наставник» хоры, сонымен қатар Мартөк, Қобда, Шалқар аудандарының әртістері өнерімен тамсандырды.

Үздіктердің өнер көрсетуі бейнеленген бейнежазбалар Астанаға жөнелтілді. Онда қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайтын болады.




Дерекнама

Яндекс.Метрика