Инфрақұрылымның дамуы

ҚР-да 2020 жылға дейін тас жолдардың бойында қызмет көрсететін 260 нысан салу жоспарланған

ҚР-да 2020 жылға дейін тас жолдардың бойында қызмет көрсететін 260 нысан салу жоспарланған.Нысандар көлік жүйесіндегі инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Берік Камалиев Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінде өткен селекторлық кеңес барысында мәлімдеді.
Астана қаласы27 Қаңтар , 10:21

Жалпы, ел бойынша республикалық автожолдардың бойына 400 қызмет көрсету нысанын салу қажет. Қазіргі уақытта, кешенді қызмет көрсететін 44 нысан бар.

Министрлік хабарлағандай, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік дәлізінің бойында, Қордай елді мекенінде қызмет көрсетудің 50 нысаны жұмыс істеп тұр. Айналма жолдың құрылысы аяқталысымен, дәл осындай көлемде қызмет көрсету нысандарын салу көзделген. Берік Камалиевтің айтуынша, жергілікті әкімдіктер пен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялары бірігіп, қазірден бастап, айналма жолдың бойынан жер телімдерін алып, қызмет көрсету нысандарының құрылысына инвесторлар тарту бойынша жұмыстарды жандандыра бастағандары жөн.

Қызмет көрсету нысандарын орналастыру талаптарына байланысты, бүгінгі күні «ҚазЖолҒЗИ» АҚ Ұлттық үлгі әзірледі. Ол 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап бекітіліп, қолданысқа енгізіледі.

Мемлекеттің қолдауымен, Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Орталық-Батыс дәліздерін қайта қалпына келтіру барысында Аршалы, Ошағанды, Шідерті, Лебяжье, Ұлан, Бейнеу, Торғай және Қыздыңшұбары елді мекендерінде 8 қызмет көрсету нысанын салу жоспарланған.

«Expo - 2017» Халықаралық көрмесінің өтуін ескере отырып, аталған нысандарды салу кезінде, энергияның басқа да көздері пайдаланылып, «жасыл» технология қолданылады.




Яндекс.Метрика