Халықаралық интеграция

USAID Павлодар облысының үкіметтік емес ұйымдарына қолдау көрсетеді

Бүгін Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев АҚШ Халықаралық даму агенттігі Орталық Азия аймағы бойынша USAID өңірлік миссиясының директоры Джонатан Эддлтонмен кездесті. Кездесу барысында аймақ басшысы күшті азаматтық қоғам қалыптастыруға ықпалдасушы USAID қызметінің маңыздылығын атап өтті.
Павлодар27 Қаңтар , 10:53

«Қазіргі таңда үкіметтік емес ұйымдардың қызметі өте белсенді. Олар жастар саясатын қолдау, білім беру, денсаулық сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, экология және қоршаған орта, азаматтар құқықтарын қорғау және заңгерлік кеңестер беру, қарт адамдар және мүгедектермен жұмыс жасау, гендерлік саясат, мәдениетті дамыту және тағы басқа маңызды мәселелермен айналысады», - деді облыс әкімі.

USAID миссиясының басшысы америкалық тараптың облысымыздың үкіметтік емес ұйымдарын дамытуға көрсетілетін қолдауды жалғастыра беруге дайын екенін жеткізді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Сондай-ақ Эддлтон мырза Павлодар облысына ресми сапары аясында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылау үшін өңіріміздің жекеменшік секторлары өкілдерімен, жергілікті ҮЕҰ басшыларымен және азаматтық қоғамның өзге де институттарымен кездеседі.

 




Яндекс.Метрика