Қазақ хандығына 550 жыл

Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту азаматтардың ел тарихына деген қызығушылығын арттырады - ғалымдар

Ақмола облысында ішкі саясат басқармасы қызметкерлерінің Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің тарихшыларымен кездесуінде Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту тұжырымдамасы талқыланды.
Ақмола27 Қаңтар , 10:38

«Ақмола Медиа Орталығынан» хабарлағандай, мерейлі мерекелік шараларды атап өту бойынша облыста шаралар жоспары жасақталынып қойылған, оның ішінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шараларда бар.

Кездесу барысында тарихшылар атап өткендей, осыдан 550 жыл бұрын қазақ халқының қалауымен берік және қаһарлы Қазақ хандығы құрылды. Ол сол жаугершілік заманының қиындығына қарамастан мықты мемлекетке айналып, өз иелігіндегі жердің көлемін кеңейтті. Бұл халықтың мемлекет болашағына деген шынайы сенімінің үлкен жетістіктерге жеткізетінінің айқын көрінісі.

«Бұдан басқа, ғалымдар қазақ хандығының құрылуы туралы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен бөлісті», - делінген хабарламада.

Олардың пайымынша, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту ел азаматтарының патриоттық рухын нығайтып, олардың өз елінің тарихына деген қызығушылығын арттыра түседі.




Яндекс.Метрика