Білім беру

СҚО-да 3 жастан 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндердің 93 пайызы мектепке дейінгі біліммен қамтылған - әкімдік

Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жолымен жеке балабақшаларда мемлекеттік тапсырысты, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуды 93 пайызға жеткізді.
Солтүстік Қазақстан27 Қаңтар , 19:13

 «Мемлекет басшысы осы бағыттағы жұмысқа жекелеген инвестиция тартуды жоғарғы деңгейде жүргізуді тапсырған болатын. Біздің міндетіміз - алдағы 3 жылда СҚО-да  балабақша мәселесін толықтай шешу», -деп ескертті облыс әкімі Ерік Сұлтанов Петропавл қаласындағы «АБВГДейка» балалар шағын орталығының жаңа филиалымен болған кездесуде.   

Балабақша директоры Ольга Жаркова  бұл орталық мемлекеттік «Балапан» бағдарламасын дамыту мақсатында мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында ашылып отырғанын жеткізді. Жаңа балабақшаның ашылуы «Даму» кәсіпкерлерді дамыту қорының көмегімен жүзеге асқан екен. 

«Мұндай мемлекеттік қорлардан көмек болмағанда,  мен бұл кәсіпкерлікке қол жеткізбес едім. Себебі жаңадан тәй-тәй басқан кәсіпкер үшін өз ісін бастау көптеген қаржыны талап етеді.  «Даму» қоры бізді дамудың әр қадамында сүйемелдеп қана қойған жоқ, сонымен қатар  алдымыздан шыққан кедергілерде көмек көрсетіп, шешу жолдарында қарастырды», - деп хабарлайды балабақша директоры.

Аймақ әкімдігінің ақпараты бойынша,  «АБВГДейка» - ның жаңа филиалы 75 балаға арналған. Онда балалардың тәрбиесі мен оқуына жауап  беретін жоғарғы санатты 5 педагог және қазақ, ағылшын тілінде мұғалім жұмыс істейді.

Жетекшілердің жоспары бойынша, келесі жылы балалар мекемесінің  ғимараты кеңейтіліп, музыкалық зал мен театр студиясы жабдықталмақ. 




Яндекс.Метрика