Халықаралық интеграция

Бухарсет қаласында Қазақстан мен Румыния арасындағы іскер байланыстарды орнату мәселелері талқыланды

Бухарест қаласында Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Дәулет Батырашев Румынияның Сауда-өнеркәсіп палатасының (СӨП) Президенті Михай Дарабанмен кездесті.
Әлемде27 Қаңтар , 09:51

Тараптар Қазақстан мен Румынияның және жалпы Орталық Азия мен Шығыс Еуропа өңірлерінің экономикалық жағдайы жөнінде пікір алмасты. Туризм, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көліктік-транзит салаларында екіжақты экономикалық байланыстардың қолда бар, бірақ толығымен жүзеге асырылмаған мүмкіндіктерін, Қазақстан мен Румыния арасындағы сыртқы сауда көлемінің елеулі өсуін атап өтті, деп хабарлады СІМ.

Осы орайда, қазақстандық дипломат еліміздің экономикалық әлеуетін толық көрсететін Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы Жол» жолдауының, «Қазақстан-2050 Стратегиясын», 2015-2019 жж. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының негізгі қағидалары жөнінде М.Дарабанды хабардар етті.

«М. Дарабан Қазақстан мен Румынияның іскерлік топтары арасындағы екіжақты байланыстарды нығайту мен өсіртуге мүдделілігін білдірді. Оның ақпараты бойынша, Румыния СӨП құрамына 630 мыңға жуық елдің шағын және орта бизнестің мүшелері кіреді. Сонымен қатар, ол Қазақстанның Констанца теңіз портының терминалдарын (жүк, мұнай және астық) пайдалану мүмкіндігін қарастыруды ұсынды», - делінген хабарламада.

Келіссөздер қорытындылары бойынша, екі ел кәсіпкерлері арасындағы тікелей байланыстарды орнату мақсатында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы С. Есімбековтің Бухарестке биыл сапары туралы және Қазақстан мен Румыния іскер топтары бизнес-форумының өткізілуі жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.




Яндекс.Метрика