Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

«KazSat-3» қабылдау бойынша актіге қол қойылды

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті құрған комиссия делегация құрамында Ақкөл қаласындағы ғарыш аппарттарын басқару кешенін аралады.
Ақмола27 Қаңтар , 09:03

Қазғарыштан хабарлағандай,  комиссия мүшесі кешеннің жұмысымен танысып, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ мен академик М.Ф. Решетнев атындағы «Ақпараттық жерсеріктік жүйелер» ААҚ өкілдерінің «KazSat-3» жобасының жүзеге асырылуы мен барлық сынауларының нәтижесі туралы бандамасын тыңдады.

Қабылдау комиссиясы жұмысының қорытындысы бойынша «KazSat-3» ғарыштық байланыс жүйесі жобасының аяқталуына байланысты нәтижесін қабылдау актісіне қол қойылды.

Айта кетерлік жайт, «KazSat-3»ҒА штаттық режимде жұмыс істейді және оның қызметімен алғаш болып қазақстандық байланыс операторлары «Astel»АҚ мен «2DayTelecom»ЖШС пайдаланды.

Осылайша, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ мемлекеттік комиссияның қорытындысына сәйкес «KazSat-3»ҒА қызметін коммерциялық тұрғыда пайдалануға көшті.




Яндекс.Метрика