Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Көкшетауда ИИДМБ аясында ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыратын зауыт салынады - әкім

Көкшетауда ИИДМБ аясында комбайннан бастап тракторға дейін ауыл шаруашылық техникасын құрастыратын Қазақстан-Беларусь зауыты салынады, деп хабарлайды халықпен кездесуінде қала әкімі Ермек Маржықпаев.
Ақмола26 Қаңтар , 18:57

Сондай-ақ, оның айтуынша, биылға жылы оқушылар сарайы, неке үйі және облыстық сот мекемесі тұрғызылатын болады.

Әкімнің хабарлауынша, ТКШ бағдарламасы жұмысын ары қарай дамыта бермек. Бағдарламаға сай, 2015 жылы көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Осы тұрғыда қала қаржысынан  106 млн теңге бөлінген.

«Ақмола Медиа Орталығы» ақпаратына сүйенсек, 2014 жылы Көкшетау қаласында 106 мың шаршы метр тұрғын жай пайдаланылуға беріліп, 19 нысан ТКШ бойынша жөндеуден өткен. Ал жол картасы- 2020 мемлекеттік бағдарламасы бойынша 1900 жұмыс орындары ашылған.




Яндекс.Метрика