Халықаралық интеграция

Қазақстан Елшісі Камбоджия короліне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы және Камбоджа Корольдігіндегі қызметін қоса атқарушы Елшісі Бекетжан Жұмаханов Камбоджа Королі Нородом Сиамониге сенім грамоталарын тапсырды.
Әлемде26 Қаңтар , 18:49

«Камбоджа билеушісі екі ел арасында орнатылған жылы және достық қатынастарды атап өтіп, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын жоғары бағалап, екі жақты қатынастардың одан әрі нығаюына сенім білдірді. Король Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ішкі және сыртқы саясатының өзектілігін атап өтіп, Елбасыға ізгі сәлемі мен құрметін жолдады», - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

Өз кезегінде қазақстандық дипломат корольге Қазақстанның экономикалық дамуының негізгі тенденциялары және екіжақты ынтымақтастықты тереңдетудің ықтимал бағыттарын хабарлады.




Яндекс.Метрика