Адамзаттық капитал

Қазақстанда 27 мыңнан астам ҮЕҰ бар

Қазақстанда қазіргі таңда 27 мыңдай үкіметтік емес ұйым тіркелген, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде заң ғылымдарының докторы, профессор, «Еуразиялық құқық қорғау орталығы» қоғамдық қорының президенті Еңлік Нұрғалиева.
Астана қаласы26 Қаңтар , 16:17

Оның айтуынша, ҮЕҰ құрылуы бірінші кезекте қоғам үшін игілікті іс. Қоғамның осындай институттарға қажеттілігі бар.

«Мемлекеттік органдардың көп жағдайда әлеуметтік жобаларды жүзеге асырмай жататын кездері болады. Атап айтар болсақ, олардың арасында отбасы жағдайлары, кәмелетке толмағандардың мәселесі бар. Осы тұрғыда үкіметтік емес ұйымдардың өзіндік рөлі бар. Сол себепті мен елде неғұрлым үкіметтік емес ұйымдардың көптеп еңбек еткенін қалаймын», - дейді ол.

Нұрғалиеваның айтуынша, қазіргі таңда олардың ішінде белгілі бір бөлігі мүлде жұмыс істемейтіні жасырын емес. Өйткені байқау құжаттарының алғашқы қаржыландырылуы жүзеге асырылып, қазіргі таңда бұл алынып тасталды.

«Бәсекелік байқау жоқ. Алдын ала қаржыландыруға болады. Бұл дұрыс. Өйткені олар коммерциялық ұйым болмағандықтан, оның үстіне жобалары да коммерциялық мақсатта болмағандықтан, бірінші кезекте қаражат талап етілмеуі тиіс. Сол себепті мен есеп беру кезінде коммерциялық ұйымдарға қойылатын талаптардан анағұрлым жеңіл болып, әлеуметтік жобалардың деңгейі өзгеше болуы тиіс. Үкіметтік емес ұйымдар жұмысына сеніп, олардың жұмыстарының нәтижесіне баса назар аударған жөн», - дейді.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика