Ұлттың денсаулығы

Шиелі ауданында дәрігерлік амбулаторияның ашылуы арқасында аурушаңдық 9,5 пайызға азайды

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Гигант ауылдық округіндегі өткен жылы пайдалануға берілген «Бидайкөл» дәрігерлік амбулаториясы жұмыс істеуде. Денсаулық сақтау мекемесінің құрылысына облыстық бюджеттен 79 млн. 420 мың теңге қаржы бөлінген.
Қызылорда 26 Қаңтар, 19:33

Аймақтың әкімдігі хабарлағандай, бүгінде жаңа заманауи құрылғылармен жабдықталған амбулаторияда 2 дәрігер, 7 медбике жұмыс істейді.

«Жаңа амбулатория аурушаңдықты дер кезінде анықтауға мүмкіндік беріп отыр. Мәслен, қазір ауылда аурушаңдық 9,5 пайызға азайып, туу көрсеткіші артты. Енді ауыл тұрғындары ем алу үшін аудан орталығына бармайды. Мұнда күндізгі ем қабылдау бөлімі де бар», - дейді Шиелі ауданының бас дәрігері Қазбек Шәукебаев.

Өткен жылы «Бидайкөл» ауылдық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. 320 көрермен залы бар өнер ордасында түрлі үйірмелер жұмыс жасауда.

 

 





Яндекс.Метрика