Парламент

Сенатор Б.Бекназаров Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) сессиясына қатысады

26-30 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бектас Бекназаров Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының 2015 жылғы Страсбург қаласындағы (Франция) жыл сайынғы сессиясының бірінші жартысына қатысады.
Әлемде26 Қаңтар , 16:51

Сессия аясында Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы мен оның орынбасарларына және Еуропа сотының адам құқықтары жөніндегі судьяларына сайлау болады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Еуропа Кеңесінің парламентшілері ЕКПА-ның Тунис пен Молдовадағы парламенттік сайлауға байқау миссиялары бойынша мониторинг қорытындыларын, Украинадағы гуманитарлық күйзелістерді, көшіп келушілер мен мүгедектер, төзбеушілік және кемсітушілік, Еуропадағы бұқаралық ақпарат құралдар бостандығын қорғау мәселелерін талқылайды.




Яндекс.Метрика