Жұмыспен қамту мен еңбектің жаңа саясаты - Қазақстан – Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Қостанай облысында 2015 жылы «БЖК-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Бүгін Қостанай облысының әкімдігінде «Бизнестің жол картасы -2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі қаралды.
Қостанай26 Қаңтар , 19:04

Облыс әкімдігінің мәліметі бойынша, 2010 жылдан бастап бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 7 898,8 млн теңге бөлінді, оның ішінде  4 139,4 млн теңгесі жеке кәсіпкерлікке қолдау көрсету бойынша ағымдағы мақсатты трансферттер,  3 759,3 млн теңгесі өндірістік инфрақұрылымдарды дамыту үшін бағытталған.

Қостанай облысы бойынша Үдемелі индустриалды - инновациялық даму аймақтық үйлестіру кеңесінде осы уақытқа дейін 399 жоба мақұлданып, 63 300,3 млн теңге несие бойынша субсидияланып, кепілдендірілді.

«Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бірінші және «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелін төмендету» үшінші бағыты шеңберінде 2014 жылы 1,6 млрд теңге субсидия төленді.

2014 жылы республикалық бюджеттен бағдарламаны жүзеге асыруға 2 млрд 738,8 млн теңге бөлінді. Оның қорытындысы бойынша несие қоржыны 8 801,0 млн теңге болатын 152 жоба мақұлданды.

2010 жылдан бастап Өндірістік инфарқұрылымды тарту бағдарламасы аясында 13 жоба бойынша инвестиция көлемі 3 755,6 млн  теңгені құрады. Оның ішінде 2014 жылы 4 жоба бойынша 878,5 млн теңге инвестицияланды.

Бизнестің жол картасы бағдарламасын жүзеге асыру жылдары аясында Индустрияландыру картасына енген жобаларда оның қолдауын сезіне алды. Дәлірек айтар болсақ, оларға 1,9 млрд теңгеден астам субсидия төленді. 

Жеке қаржылай кепілдендіру бағдарламасы аясында  жаңа өндіріс ошақтарын ашу үшін жалпы сомасы 18,0 млн теңге болатын 12 жоба мақұлданды. Нәтижесінде 10 мыңнан астам жұмыс орны сақталып, жаңа 2 мың жұмыс орны ашылды.

Әкімдіктен атап өткендей, кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылай қолдау көрсетуден басқа, жүйелік қолдау бағытында да жұмыстар атқарылуда. Сонымен, «Кәсіпкерлік әлеуетті нығайту» бағыты бойынша 2014 жылы 2,5 мыңға жуық кәсіпкерге қаржылай емес көмек көрсетілді.

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2015 жылы республикалық бюджеттен 1 557,1 млн теңге бөлінді, ол 2014 жылғы мақсатты трансферт сомасынан 43,1%-ға төмен.  

Сонымен қатар, жобаның бірінші және үшінші бағыты бойынша 2015 жылы республикалық бюджеттен 1010,2 млн теңге  және  1389 млн теңге бөлу көзделуде. Осылайша жаңа жобаларға қолдау көрсетуге 378,8 млн теңге бағытталатын болады.

Жалпы, қаржы құралдарымен жұмысты жандандыру үшін аймақтың аудан орталықтарында ақпаратық насихаттау  жұмыстары көптеп  жүргізілетін болады.




Яндекс.Метрика