Өңірлер

Кәсіпкерлер палатасы мен Ақмола облысының қаржылай қадағалау инспекциясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚР Қаржы министрлігі қаржылай қадағалау Комитетінің Ақмола облыстық инспекциясы мен аймақтық кәсіпкерлер палатасы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы келісімге келді.
Ақмола26 Қаңтар , 20:03

ҰКП хабарлағандай, оның аясында кәсіпкерлік ұсыныстарды жүзеге асыру үшін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларды жасау жолында тараптардың мемлекеттік бағдарламаны бірлесіп жүзеге асыруы, оны жасақтауы, экономикалық және қаржылай құқықбұзушылықты анықтау жолында бірлескен шараларды өткізу, кәсіпкерліктің дамуына кері әсерін тигізіп отырған кедергілер мен проблемаларды анықтау және оны шешу  шаралар кешенін жасақтау қарастырылған.

 Сондай-ақ, кірісті болжау және іске асырылуы, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп, қаржылық есеп,  аудиторлық қызмет және басқада салалар бойынша  екі жақ серіктес  болуға ниет етуде.

Осы құжат аясында кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің нормативтік-құқықтық актілерді жасақтау мен сараптауға, кәсіпкерлердің мүддесін қорғауға қатысуы қарастырылған. Бұл келісім кәсіпкерлердің мемлекеттік органдармен жедел әрекет етуіне жағдай жасайды деп жоспарлануда. 

Бұл құжат көптеген бірлескен жобалар мен бастамалардың  дамуына жол ашпақ.




Яндекс.Метрика