Басқару

Мемхатшы Н.Назарбаевқа мерейтойлық даталарды мерекелеуге дайындық барысы туралы баяндады

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы26 Қаңтар , 14:32

Г.Әбдіқалықова алдағы мерейтойлық даталарды  –  Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын, Конституцияның және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы туралы  баяндады.

«Нұрсұлтан Назарбаев осы іс-шаралардың жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, мемлекеттілікті нығайту, сондай-ақ республикада бірлік пен келісімді қамтамасыз ету үшін маңыздылығын атай отырып, орталық және өңірлік деңгейде тиянақты ұйымдастыру қажеттігіне назар аударды.Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді», - делінген хабарламада.




Дерекнама

Яндекс.Метрика