Ұлтаралық бірлік

Астана қаласының этномәдени бірлестіктері - жеке шешім қабылдай алатын қалыптасқан ұйымдар – ҚХА

Астана қаласының этномәдени бірлестіктерінің даму деңгейінің қазіргі таңда жаңа сатыға көтерілгендігі және олар өздерін қоғамдық мәселелер бойынша шешім қабылдай алатын ұйым ретінде көрсеткендіктері туралы «Менің Қазақстаным» атты республикалық феставиль барысында Астана қаласы ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Л.Кұсайынова мәлімдеді.
Астана қаласы 26 Қаңтар, 16:36

2014 жылдың 15 қарашасынан басталған бұл фестиваль ҚР мәдениет және спорт министрлігінің, Астана және Алматы қалаларының, облыстық және аудандық әкімдіктерінің қолдауымен өтуде.

Аталған іс-шараға Астана қаласы этномәдени орталықтарының көркемөнерпаздары: орындаушылар, вокалдық топтар мен хор ұжымдары қатысты.

Концерт басталмас бұрын,  фестивальға қатысушылар алдында Астана қаласы ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Л.Кұсайынова  және «Қырғызстан-Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ш.Ысмайылов сөз сөйледі. Олар 2014 жылы өткізілген мәдени-қоғамдық іс-шаралардың «Бейбітшілік және келісім жол картасы»  республикалық жобасының аясында ұйымдастырылғанын және аталған іс-шаралардың тұрмыс деңгейі төмен адамдарға көмек және қолдау көрсету жұмыстарымен ұштасқанын атап өтті. Сондай-ақ, Л.Кұсайынова  Астана қаласының этномәдени бірлестіктерінің дамуы деңгейінің қазіргі таңда жаңа сатыға көтерілгендігі және олар өздерін қоғамдық мәселелер бойынша шешім қабылдай алатын ұйым ретінде көрсеткендіктері туралы айтып кетті.

Фестивальді қазақ композиторлары шығармалары мен қазақтың ұлттық әндері тақырыбындағы поппуриімен «Сарыарқа» қазақ ұлттық аспаптар ансамблі ашты. Астана қаласы этномәдени орталықтарының қатысуымен жасалған мемлекеттік тілдегі концерттік бағдарлама көрермендер мен әділқазылардың қызығушылықтарын тудырып қана қоймай, көңілдерінен шықты.

Көрермендердің мол сүйіспеншілігіне армян этномәдени орталығынан ең кіші қатысушы Лусинэ Макунц пен «16 қыз» әнімен «Таң» татар-башқұрт орталығынан Гумира Тохтахунова ие болды.

Әділқазылардың бірлескен шешімімен фестиваль жеңімпаздары болып «Лад» республикалық славян қозғалысы филиалы ұжымындағы Наталья Иванова жетекшілік ететін «Станичники» казак халықтық хоры, «Дуслық» өзбек этномәдени орталығының атынан өнер көрсеткен Шарипова Сангина атанды.

Олар ақпан айының соңында өтетін «Менің Қазақстаным» атты республикалық фестиваліне Астана қаласының атынан өнерлерін көрсетеді.





Яндекс.Метрика