Халықаралық интеграция

Астанада ҚР ҚК мен АҚШ жоғары сержанттық құрамының симпозиумы өтуде (ФОТО)

Бүгін Астанада Ұлттық Қорғаныс университетінде Қазақстан Республикасы Қарулы күштері мен Америка Құрама Штатының жоғары сержанттық құрамының симпозиумы өтуде.
Астана қаласы 26 Қаңтар, 17:21

Екі ел өкілдері өткен жылдағы екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықтың нәтижесін талқылап, оны одан ары дамыту жолдарын қарастыратын болады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Аталып өткендей, аталмыш симпозиумның ерекшелігі Қазақстанға АҚШ Қарулы күштерінің үш түрі бойынша жоғарғы сержанттар  құрамының өкілдері командалық сержант-майор Ронни Келли, Орталық басқару Құрлық әскерінің бас сержанты (ARCENT), басты старшина Скотт Флеминг, ӘТК 5-ші флотының бас старшинасы (NAVCENT) және басты командалық сержант-шебер  Рэймон Колон-Лопес, ӘҚК басты командалық сержанты (AFCENT) келді.

Бұдан басқа, симпозиумға  АҚШ ҚК саласындағы сарапшылары да қатысуда.

«Екі елдің сарапшылар тобының міндеті келісім шарт бойынша әскери қызметке үкімкерлерді дайындау аясында әлемдік тәжірибені зерттеу және үздік әдістерді білікті сержанттық құрамды дайындауда меңгеру», - делінген хабарламада.

Қазақстандық тараптан симпозиумға барлық Қарулы күштер тобының өкілдері, Әскери полицияның басты басқармасы мен ҚР ҚМ кадеттік корпусының өкілдері және өзгеде әскерилер қатысады.

Айта кетерлік жайт, аталмыш шара 2015 жылдың 26 - 30 қаңтар аралығында өтеді.





Яндекс.Метрика