Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

2014 жылы Атырауда 237 мың шаршы метр жол жөнделді

2014 жылы жалпы алғанда аумағы 237 959 шаршы метрді құрайтын автокөлік жолдары жөндеуден өтті.
Атырау26 Қаңтар , 17:06

Облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлағандай, әуежай бағытындағы ұзындығы   4,2 шақырымды, яғни аумағы 73 900 шаршы метрді құрайтын автокөлік жолына, аумағы 16 010 шаршы метрді құрайтын алаңға, аумағы 472 шаршы метрді құрайтын автокөлік көпірінің автокөлік жолына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Жалпы алғанда аумағы 47 786 шаршы метрді құрайтын «Өркен» ықшамауданының ұзындығы 7,9 км 5 көшесі, Геолог поселкесінің 4 көшесі, «Гауһартас» мөлтекауданының кварталішілік автокөлік жолдары және «Самал» ықшамауданының көшелері күрделі жөндеуден өткізіліп, аталған елді мекендердегі күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген көшелерге жалпы алғанда 46 дана жол белгілері орнатылды.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылы қаладағы негізгі көшелер мен қиылыстарға 18 бағдаршам нысандары орнатылды.

Қала мен қала аумағына қарасты елді мекендердегі автокөлік жолы бойына 48 мың 500 шаршы метр бояу және 5 мың шаршы метр екі компонентті пластиктерін қолдану арқылы жол таңбалары сызылды.

Мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен мүгедектер үшін қала көшелеріне 105 дана арнайы жол белгілері, жаяу жүргіншілер жолдарында 48 дана арнайы дыбыстық және жарықтық құрылғылары орнатылды.

 




Яндекс.Метрика