Энерготиімділік

Қазақстан мен Ресейдің энергетика министрліктері жанар-жағармай бағасын реттейді

Қазақстан мен Ресейдің энергетика министрліктері жанар-жағармай бағасын реттейді, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы энергетика министрі Владимир Школьник Мәжілістегі үкіметтік сағатта.
Астана қаласы26 Қаңтар , 12:09

«Энергетикалық нарыққа байланысты жағдай бәрінен бұрын жанар-жағармайдың қамтамасыз етілуімен тұрақтандырылды. Желтоқсан айында біз АИ-92 және дизель отыны бағасын екі рет төмендеттік. Қазіргі таңда АИ-92 маркалы бензин құны 109 теңге», - деді министр.

Қазіргі таңда, ведомство басшысының айтуынша, елдің барлық қоймаларында 350 мың тонна дизель отыны мен 250 мың тонна 92 маркалы бензин бар. Бұл алдағы жазғы маусымға дайындық.

«Бүгінгі алдымыздан шығып отырған мәселе екеу. Ресей Федерациясына қарағанда бізде тауардың осы түрі сәл қымбаттау. Бұл өз кезегінде өндріс қарқынын азайтып, жұмыссыздыққа алып келуі мүмкін», - дейді В.Школьник.

Оның айтуынша, Қазақстанның Энергетика министрлігі осынау қатынас жүйесін реттеуді қолға алмақ. «Бүгін Ресей Федерациясының тиісті ведомства делегациясы келеді. Бірлесе жұмыс істей отырып өзіміздің зауыт өндірісін тоқтатпай, екінші жағынан арзан жанармай шығару жайын пысықтайтын боламыз», - дейді.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика