Білім беру

Астанада 2014-2015 оқу жылдары магистранттар саны 6 мың адамды құрады

Астанада магистранттардың жалпы саны 5858 адамды құрады, оның ішінде 3729 адам немесе 63,7% - әйелдер.
Астана қаласы26 Қаңтар , 15:46

Астана қаласының статистика департаменті хабарлағандай, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 3369 адам оқиды, бұл оқитындардың жалпы санынан 57,5% құрайды, 2489 адам немесе 42,5%-ы ақылы білім қызметтерін алады. Бітіріп шыққан магистранттар 2632 адамды құрады, оның ішінде 2618 адам немесе 99,5%-ы - диссертация қорғаумен бітірді.

2014 оқу  жылы Астана қаласында жоғары ғылыми білікті  кадрларды даярлау магистранттар даярлауды жүзеге асыратын 16 ұйымда, докторанттар даярлауды жүзеге асыратын 7 ұйымда жүргізілді.

Магистратурада оқитындар саны бойынша неғұрлым көп ұсынылған мамандықтар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес - 30,1%, техникалық ғылымдар және технологиялар - 16,8%, білім - 12,1% болып табылады.

2014 жылдың соңына докторантурадағы докторанттардың жалпы саны 401 адамды құрады, оның ішінде 265 адам немесе 66,1% - әйелдер. Есепті жылы қабылданған докторанттар саны 154 адам, 8 адам - оқуын  бітіргенге дейін шығып кеткендер. Бітіріп шыққан докторанттар саны 72 адам, оның ішінде диссертация қорғаумен бітіргендер - 61 адам немесе 84,7%.

Философия докторанттары (PhD) 401 адамды құрады.

Докторантурада оқитындар саны бойынша неғұрлым көп ұсынылған мамандықтар: жаратылыстану ғылымдары - 20%, құқық - 13,2%, гуманитарлық ғылымдар - 12,2% болып табылады.




Яндекс.Метрика