Қаржы министрлігі хабарлағандай, бейне семинар процесінде салық төлеушілер мен СЭҚ-қа қатысушылар нақты уақыт режимінде Комитеттің заң жобаларын әзірлеушілерімен және кәсіби мамандармен әңгімелесу мүмкіндігін алады.
Алдағы бейне семинардың тақырыбы: «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі импорттық тауарларды әкімшілендіру».
Ведомствода хабарлағандай, бейне семинардың көрсетілген тақырыбы бойынша сұрақтарды облыстар және Алматы, Астана қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттеріне немесе мына электрондық мекен-жайға жіберу қажет, бейнесеминарлар ҚР Мемлекеттік кірістер департаментінің веб-порталында жарияланатын болады.