Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қазақстанда жыл соңына дейін барлық пойыздар жолсеріктің жылжымалы терминалымен толық қамтылады

Жаңа жылдан бастап электронды темір жол билеттері бойынша іссапардан кейін есеп беруге қатысты ҚР Салық кодексінің жаңа нормалары күшіне енді.
Казахстан26 Қаңтар , 15:06

«Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлағандай, іссапардан соң жолаушы төмендегі құжаттарды өткізуі қажет: қағазға шығарылған  электронды билет; пойызға мінерде жылжымалы терминал арқылы жолсерік берген отырғызу талоны; электронды билетке ақша төленгенін растайтын құжат.

«Егер жолаушы жолсеріктің жылжымалы терминалы (ЖЖТ) жоқ пойызға билет алса онда ол «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамынан шот-фактура талап ете алады. Шот-фактураны іссапар бойынша есеп бергенде электронды билетпен бірге отырғызу талонының орнына өткізеді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, іс-сапар бойынша қатаң есептегі бланкке шығарылған кәдімгі темір жол билеттерімен де есеп беруге болады.

Осы жылдың аяғына дейін барлық пойыздар отырғызу талондарын беретін жолсеріктің жылжымалы терминалымен толық қамтылатын болады.

 




Яндекс.Метрика