Энерготиімділік

2015 жылы электрэнергетика саласына 178 млрд теңге инвестиция тарту көзделген

2015 жылы электрэнергетика саласына 178 млрд теңге инвестиция тарту көзделуде, деп мәлімдеді бүгiн ҚР парламентi Мәжiлiсiнде өткен үкiметтiк сағат барысында ҚР Энергетика министрi Владимир Школьник.
Астана қаласы26 Қаңтар , 11:26

«Реттелген тарифтер бағдарламасын жүзеге асырған алты жыл ішінде элеткрэнергетика саласына инвестиция көлемі артты. Бүгінгі таңда 700 млрд теңгеге жуық қаражат инвестицияланды. Ол қолданыстағы 5 мың МВт қуаттылықты жаңғыртуға, тағы қосымша жаңа 1700 МВт қуаттылықты іске қосуға мүмкіндік берді. Бұл экономиканың электр энергиясына деген сұранысын толығымен қамтамасыз етуге жол береді», - деді  В.Школьник.

Сонымен қатар, ведомство басшысының айтуынша, 2015 жылы электрэнергетика саласына 178 млрд теңге инвестиция тарту көзделуде.

«2014 жылы электр энергиясын тұтыну көрсеткiшi 91,6 млрд кВт/сағ құрады. Бұл - өткен жыл көрсеткiшiнiң 102%-ына тең. Электр энергиясының өндiрiсi 93,9 млрд кВт/сағ құраған. Ол өткен жыл көрсеткiшiнiң 102,1%-ына тең болды», - дедi министр.

Бұдан басқа, В.Школьник атап өткендей, 2008 жылы апатты жағдайдағы 131 станциядан 2013 жылы 39 жағдайға дейін қысқарды. 2009-2015  жылдар аралығында  3,3 мың МВт қуаттылық іске қосылатын болады.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика