Энерготиімділік

Қазақстан электр энегиясы экспортының көлемін 2 мың МВт-қа дейін ұлғайтуға мүдделі – Школьник

Қазақстан электр энегиясы экспортының көлемін 2 мың МВт-қа дейін ұлғайтуға мүдделі, деді Мәжілістің үкіметтік сағатында Энергетика министрі Владимир Школьник.
Астана қаласы 26 Қаңтар, 11:04

«Қазіргі таңда Қазақстаннан электр энергиясын шығару мүмкіндігі жоғарылауда. Біздің әлеуетіміз өте жоғары. Қазір біз 2000 МВт көрші елдерге экспорттай аламыз"» - деді В.Школьник.

Министр Еуразиялық экономикалық одақ келісім аясында 2019 жылға дейінгі электр энергетикасының ортақ нарығын құру болжанып отырғанын атап өтті. «Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін мамыр айында электр энергиясының ортақ нарығының тұжырымдамасы қабылданады. Ол техникалық мүмкіндік аясында электр энегргиясы нарығының  барлық қатысушыларына  мемлекетаралық табыстау жүйесін құруды қамтамасыз етеді. Оның басты міндеті электр энергиясын тиімді қолдану және елдің ішкі  қажеттілігін қамтамасыз ету. Ең біріншіден өзіміз үшін, біз Беларусь және Ресеймен өз  энергиямызбен бәсекелестікке шыға аламыз», - деді ол.

Школьник атап өткендей, келешегі мол бағыт ретінде Екібастұздан СУАР Хами қосалқы бекетіне дейінгі жоғары желілі тоқ құрылысы арқылы электр энергиясы әлеуетінің экспортын кеңейту мәселелері қарастырылуда.

«Бұл 6 ГВт-қа дейінгі электр энергиясын Қытайға жеткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда келіссөздер жүргізілуде. Бұл экспорт көбеюінің маңыздылығы мен бюджеттің толығуына өсім береді», - деді ол.

Сондай-ақ, Энергетика министрлігі Каса жобасын қаратыруда.

«Ұсынылып отырған жоба Орталық Азия елдерінің жаз мезігіліндегі артық қалған 1300 МВТ электр энегриясын толық игеруді қамтамасыз етеді», - деді ведомство басшысы.

Камила Амирова





Яндекс.Метрика