Өңірлер

Қызылордада 6 кәсіпкер БЖК аясында 439 млн теңге көлемінде мемлекеттік қолдауға ие болды

Қызылордада «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысында жалпы сомасы 439 млн теңге болатын 6 жоба мемелекеттік қолдауға ие болды.
Қызылорда26 Қаңтар , 12:23

«Сейтжаппарова» ЖК,  «Амангелді» ШҚ, «Ниязбаев» ЖК, «Маханбетов» ШҚ, «Баймаханов» ЖК,  «Дилназ» ЖК мен «Мелиоратор» ЖШС  несие бойынша кепілдемені қамтамасыз ету бойынша «Даму» қорының кепілдемесін және несие бойынша жылдық  үстемақыны 7%-ға дейін төмендету мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлады «Даму» қоры.

«АҮК мүшелері бір ауыздан мақұлдаған жобаның бірі Серік Ниязымбетовтың Қармақшы ауданының Ақай ауылында балаларға арналған ойын-сауық орталығын ашу жобасы болды. Балалардың ойын-сауық орталығы атракциондармен, кинотеатрмен қамтылады. Бұдан басқа, тұрақты 10 жұмыс орны ашылады. Жаңадан бастаған кәсіпкерге өз мақсатын жүзеге асыру үшін «ЦентрКредит» банкінен несие рәсімдеу мақтасында несиенің 70% көлемінде кепілдеме беріледі», - деп Қордан хабарлады.

Тағы бір жас кәсіпкер Шолпан Ермағанбетова, «Жібек»ЖК директоры жылу сақтағыш және жылытқыш материалдардың өндірісімен айналыспақшы. «Даму» қоры мен «Халық банкінің»  «ХалықБизнесСтарт» жобасы аясында Шолпан несие алып, оған өндіріс үшін қажетті техниканы сатып алмақшы.




Яндекс.Метрика