Инвестициялар

Қазақстанда 2014 жылы инвестиция көлемі 8,6%-ға артты

Қазақстанда 2014 жылы инвестиция көлемі 6,6 трлн теңгені құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 8,6%-ға арттық, деп хабарлады ranking.kz мониторингтік қызмет.
Казахстан26 Қаңтар , 11:42

Аталып өткендей, инвестициялық қоржын 2013 жылы 512,8 млрд теңгеге өскен. Негізгі капиталға инвестицияның төрттен бір бөлігі мұнайлы аймақтардан құйылды- 1,6 трлн теңге.

«Негізгі капиталға инвестиция көлемінің артуы бойынша Астана (қосымша 98,4 млрд теңге, 644 млрд теңгеге дейін), Маңғыстау (қосымша 89,8 млрд теңге, 529,4 млрд теңгеге дейін) және  Атырау (қосымша 81,8 млрд теңге, 1,1 трлн теңгеге дейін) облыстары көш бастап тұр», - делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика