Мәдениетті жаңғырту

2014 жылы Ақтауда 137 мәдени-бұқаралық іс-шара өтті

2014 жылы Ақтау қаласында шамамен 120 мың тұрғын қатысқан 137 мәдени-бұқаралық шара өтті.
Маңғыстау26 Қаңтар , 20:48

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, осы іс-шараларға жергілікті бюджеттен  36,8 млн. теңге  қаржы жұмсалған. Мәдени және Іскерлік қарым-қатынасты нығайту мақсатында өткізілген шаралар Ақтау қаласының мәдениет күндерінде Қарақиян, Түпқараған және Маңғыстау аудандарында өтті.

Қала тұрғындарының этносаралық келісімдерін нығайту, мәдениетті  дамыту, халықтардың тілі мен дәстүрін сақтау мақсатында «Бір шаңырақ астында» атты әлеуметтік жоба жасалған.  Жоба аясында халықтар достастығы фестивалі, Мақтымқұлы Пырағының туғанына 290 жыл толуына орай ғылыми конференция, Тарас Шевченконың 200 жылдығына арналған іс -шара, түрік фольклоры мен славян әуендері  секілді ауқымды жиындар ұйымдастырылған.

Әкімдік хабарлағандай, тұрғындар назарын спортқа аудару үшін де көптеген  жұмыстар жасалған екен. 2014 жылы қалада 29 млн. теңге қаржы жұмсалған 202 спорттық іс-шаралар өткен.  Қортындысында 2013 жылғы 27 пайыз денешынықтыру мен айналысатын тұрғындар саны 2014 жылы 28,9 пайызға өскен.




Дерекнама

Яндекс.Метрика