Халықаралық интеграция

Ақтау ТМД және ЕАЭО елдері арасында өткен байқау қорытындысы бойынша «Өмір сүргің келетін қала» атағына ие болды

Мәскеу қаласында РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясында«Астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық Ассамблеясы» ұйымы (АХА/МАГ) Халықаралық Ассамблея Басқармасының кеңейтілген отырысы өтті.
Маңғыстау26 Қаңтар , 10:06

Ақтау қаласының әкімдігі хабарлағандай, басқосуда Ақтау қаласының әкімі Е.Жаңбыршин мен Ассамблеяның атқарушы вице-президенті, ұйымның бас директоры В.Селиванов Ақтауда Астаналар мен ірі қалалар Халықаралық Ассамблеясының кезекті ХХIII сессиясы мен халықаралық конференциясын ұйымдастыру мен өткізуде өзара міндеттемелер жөніндегі Келісімге қол қойды.

Отырысқа ұйым мүшелігіндегі Ақтау қаласының тарапынан қала әкімі Еділ Жаңбыршин бастаған ресми делегация қатысты. Делегация құрамында қалалық мәслихаттың хатшысы М.Молдағұлов, депутат А.Бүркітбаев, қалалық ТКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы С.Амангельдиев және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г.Алдашева болды.

Ассамблеяның кеңейтілген отырысына мүше қала басшыларымен бірге Ресей Федерациясы Кеңесінің мүшелері, РФ Мемлекеттік Думасының депутаттары, БҰҰ-ХАБИТАТ халықаралық ұйымының, ТМД Атқарушы комитетінің, қоғамдық ұйымдардың, бизнес және ғылым қауымдастықтарының өкілдері қатысты. 

Бұдан кейін, Ақтау қаласының әкімі Еділ Терекбайұлы Ақтау қаласында атқарылып жатқан жұмыстар, әлеуметтік-экономикалық, транспорттық-логистикалық бағыттындағы даму перспективалары туралы, Ақтаудың халықаралық байланыстары және мүшелік етуші ұйымдардағы жұмыстары мен ұйымдастыру шаралары туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ, 2015 жылдың маусым айында Ақтауда өткізілуі жоспарланған Ассамблеяның кезекті ХХIII сессиясы мен «Құрылыста және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында (ТКШ) алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу» тақырыбындағы халықаралық конференциясының ұйымдастырылу шаралары мен өткізілу бағдарламасы талқыланды.

Отырыс төрағасы қала әкіміне Ассамблея жұмысындағы Ақтаудың белсенділігі үшін алғыс айтып, маусымда өтетін ұйым сессиясы мен конференциясына қатысуға барлық мүмкіндіктерді қарастыратынын және Ассамблея мүшелерімен келесі басқосуда Ақтауда кездесуге сенім білдіретінін атап өтті.

Кеңейтілген отырыстың қорытындысында Ассамблеяның «Өмір сүргің келетін қала» - 2014 VІІ Халықаралық ЕурАзЭҚ және ТМД қалаларының тәжірибесі байқауының нәтижесі шығарылып, жеңімпаздар марапатталды. Жеңімпаздар қатарында Ақтау қаласы ұлтаралық келісімді нығайту мен дамытуда «Бір шаңырақ астында» әлеуметтік жобасын, қала тұрғындарының денсаулығын нығайту мен спортқа тартуда футзал бойынша дәстүрлі қалалық ашық чемпионатын ұйымдастырып, өткізгені және «Е-регион» автоматтандырылған басқару жүйесін енгізгені үшін арнайы дипломмен марапатталды.

 




Яндекс.Метрика