Өңірлер

СҚО-да АӨК-нің «Агробизнес-2020» мембағдарламасына қатысу үлесі 30% құрады - әкімдік

Солтүстік Қазақстан облысында агроөндірістік кешеннің «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысу үлесі 30% құрады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан26 Қаңтар , 10:23

Аймақтың ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Жанар Мұсақұлованың айтуынша, «АӨК қаржылай сауықтырудың» бірінші бағыты бойынша «ҚазАгроМаркетинг» АҚ жалпы сомасы 112,7 млн теңге болатын 85 өтініш келіп түсті. Мақұлданған өтініштер бойынша субсидия сомасы 25,3 млрд теңгені құрады. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 2014 жылы 35,4 млрд теңге көлемінде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді.

2014 жылы ауыл шаруашылығының саласы бойынша жүргізілген жұмыстар жалпы өнім көлемінің өндірісін арттыру үшін бағытталды және физикалық индекс көлемі  102,6% болған жағдайда 283,5 млрд теңгеге жетуге мүмкіндік берді.




Яндекс.Метрика