Өңірлер

2014 жылы СҚО бюджетіне 27 млрд теңге түсті – әкімдік

2014 жылы Солтүстік Қазақстан облысының бюджетіне 27036,2 млн теңге түсті, деді СҚО қаржы басқармасының жетекшісі Ескен Әкімжанов 2014 жылғы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджетінің қорытындысына арналған кеңесте.
Солтүстік Қазақстан26 Қаңтар , 09:51

Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов Петропавл мен жергілікті бюджетке түскен салық түсімдерін қатаң қадағалауға алуды тапсырды.

«Бұл жыл біз үшін оңайға тиген жоқ. Біз өткен жылғы салық  түсімінің  көрсеткішін осы жылы арттыруымыз керек. Ол үшін салықтық әкімшілендіруді нығайту қажет. Сондай-ақ, жалақының өсуі бойынша жұмыс істеу керек, ол әсіресе ауылдық жерлерде аса қажет. Бұл салыққа жеке келу мәселесін қалыптастырады. Бұл мәселелерді ертеңге қалдырмаңдар, жұмысты қаңтар айынан бастаңдар», - деді Ерік Сұлтанов.

Әкімдіктің хабарлауынша, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын кеңес барысында Айгүл Хасенова баяндады. Ол СҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы.

Оның айтуынша, 2014 жылдың 9 айында жалпы аймақтың өнім көлемі 2,9 пайызға өсіп, 542,5 млрд теңгені құрады.

«Есептей келе, халықтың жан басына шаққандағы тауар өндірісі мен қызмет көрсету 944,6 мың теңгеге өсті, ол өткен жылмен салыстырғанда 5,6 пайызға жоғары», - деді ол.

«СҚО-дағы инвестициялау үшін басымдылыққа ие сала ауыл шаруашылық, орман және балық шаруашылығы, бұл салаларға 43,4 инвестиция бағытталды», - деп хабарлады әкімдік.

Облыс әкімі осы жылы инвестиция тарту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

«Біріншіден, бұл мәселе ауыл шаруашылығы техникасын алуға бағытталған, себебі ең ірі инвестициялар ауыл шаруашылығына тиесілі. «ҚарзАгроҚаржы» АҚ бағыты бойынша лизингтік механизм  техниканы алдын ала салым мен пайызсыз алуға мүмкіндік береді. Айта кетсек, осы жылы біз Петропавл қаласында «Sampo Rozenlew Ltd» компаниясымен бірігіп астық жинау комбайнының өндірісін іске қосамыз. Бізде қазір 50 комбайн-топтамасына тапсырма бар», - деді Ерік Сұлтанов.

Сондай-ақ, аймақ басшысы СҚО-ға ұзақмерзімді инвестиция тарту маңыздылығын атап өтті. Осыған орай, әкім аудандарға екінші Индустрияландыру картасы  бойынша негізгі капиталға инвестиция тарту жоспарын әзірлеуді тапсырды. 




Яндекс.Метрика