Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Степногорскта мемлекеттік қызметтің 21%-ы «электрондық үкімет» арқылы көрсетілді

Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің көрсететін 19 мемлекеттік қызметінің 5-уі «электрондық үкіметтің» веб-порталында қолжетімді.
Ақмола26 Қаңтар , 09:36

 «Ақмола Медиа Орталығы» хабарлағандай, олар - үйде оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуді тағайындау (2014 жылдың  47 өтінішінің 14 «электрондық үкімет» арқылы келіп түсті); жұмыссыз азаматтарға анықтама беру (2014 жылы келіп түскен 149 өтініштің барлығы «электрондық үкімет» арқылы келіп түсті). Бұдан басқа, жұмысқа орналасу үшін  тұлғаларға жолдама беру  (2014 жылдың 1790 өтінішінің  - 388 «электрондық үкімет» арқылы түсті). Сонымен қатар, жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке алу бойынша 2014  жылғы 1664 өтініштің 373 «электрондық үкімет» арқылы келіп түсті.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметі бойынша, баламалы негіздегі 5655 өтініштің 1193 «электрондық үкімет» арқылы келіп түсті немесе  21% құрады.

Айта кетерлік жайт, Қазақстанда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мемлекеттік «Ақпараттық Қазақстан - 2020» бағдарламасы шеңберінде дамып келеді. 2014 жылы Қазақстан БҰҰ-да «электрондық үкімет» рейтингісі бойынша 28 - орынға көтерілді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика