Басқару

ЕО жобасы Қазақстанның өңірлерінде мемлекеттік қызметкерлерді оқытуда

ЕО жобасы нәтижеге бағытталған бағдарламалар мен іс-әрекеттер жоспарларын жасау бойынша Қазақстан өңірлеріндегі мемлекеттік қызметкерлерді оқытуда.
Казахстан26 Қаңтар , 09:21

Еуропалық Одақтың «Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасы Қазақстанның облыстық және ауылдық аймақтарын дамытуға арналған мақсатты бағдарламалар мен жоспарларды даярлау бойынша екі күндік оқыту модульдер топтамасын өткізді.

Облыстық және аудандық  әкімдік қызметкерлерін оқыту Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында өтті.

Еуропалық Одақ Өкілдігінің ақпараты бойынша, «Экономикалық сараптама жасау және жергілікті деңгейде іс-әрекеттер бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу (облыстық және ауылдық аймақтарға мақсатты бағдарламаларды даярлау)» тақырыбындағы оқу бағдарламасын  Еуропалық Одақтың «Қазақстанның өңірлерлік дамуы» жобасының сарапшысы дайындап өткізді. Бағдарлама мақсаты – Қазақстанның облыстық және ауылдық аймақтарына арнап жергілікті атқарушы орындардың дайындайтын  бағдарламалық құжаттары мен іс-әрекеттер жоспарларының сапасын арттыру. Оқу бағдарламасы қызметтік міндеттеріне ағымдағы жағдайды талдау, өңірлік даму мәселелерін анықтау, осы мәселелерді шешу үшін іс-шараларды таңдау және  олардың әсерін бағалау мәселелері кіретін облыстық және аудандық әкімдіктері қызметкерлеріне арналып жасалынған.

Бұл дағдылар әсіресе қазақстандық жергілікті атқарушы органдары үшін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2014  жылдың қыркүйегінде мемлекеттік басқару жүйесін орталықтандырудың жаңа кезеңін атап өткеннен бері маңызды  болып отыр. Президент ҚР Үкіметі мен Парламентіне облыстық әкімдіктерге жергілікті даму саласы бойынша қосымша функцияларды беруді қамтамасыз етуді тапсырды.

«Экономикалық сараптама жасау және жергілікті деңгейде іс-әрекеттер бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу» оқу бағдарламасы «Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасымен ұйымдастырылды. Жобаны Еуропалық Одақ қаржыландырады және GDSI Limited (Ирландия) басқаруымен консорциум арқылы іске асырылады. Төрт жылдық (2013-  2017 ж.ж.) жобаның жалпы бюджеті 6,288,000 евроны құрайды.

Екі күндік оқу-семинары– Шығыс Қазақстан, Қызылорда   және Маңғыстау облыстарында өтті. Оқытуға облыстық және аудандық әкімдіктердің 100-ден аса, соның ішінде экономика және бюджеттік жоспарлау, индустриалды-инновациялық даму, туризм, кәсіпкерлік пен сауда басқармалары  мен бөлімдерінің қызметкерлері қатысты. Тәжірибелік сабақтарда бағдарлама қатысушылары сараптама жасау барысында анықталған мәселелерді шешуде мемлекеттік әсер етудің аса тиімді шарасын таңдауды, нақты жағдайларға сүйене отырып әр түрлі іс-шаралар мен нәтижелер арасындағы мүмкін болатын байланыстарды түсіну және өңірлік даму бағдарламалар мониторингісі мен мақсатты іс-шараларды дайындау ісін меңгерді.

 




Яндекс.Метрика