Өңірлер

2015 жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 60 млрд теңге бөлінеді - ҰКП

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында ҚР ҰКП Президиумының агроөндірістік кешен комитетінің кезекті отырысы өтті, онда 2015 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 60 млрд теңгені бюджеттік несиелендіру мәселесі қаралды.
Казахстан26 Қаңтар , 09:06

ҰКП хабарлағандай, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді барынша көптеп қамту және қаржының қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін  2010-2014 жылдардағы несиелік өнімдерді  жүзеге асыру көзделген. Атап айтар болсақ, екінші деңгейлі банктердің кепілдемесі бойынша несиелеу, қарыз алу жолында қиындықтарға ұшыраған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру және т.б.

«Бюджеттік несие 60 млрд теңгенің  7,5 млрд теңгесін - «Аграрлық несиелік корпорация»АҚ-ға, 17,5 млрд теңгесін (форфардты сатып алу) - «Азық-түлік корпорациясы»ҰК»АҚ-ға,  35 млрд теңгесін - қаржы институттарына бөліп беру көзделген», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, «ҚазАгро» холдингі  өзгеде бюджеттен тыс қаражатты тартатын болады. Жалпы, биыл көктемгі дала және егін жиау жұмыстарына 97 млрд теңге деңгейінде қаражат жұмсалады деп жоспарлануда.

Айта кетерлік жайт, 2015 жылы ДЕЖЖ қаражат өткен жылдармен салыстырғанда 1,5-2 ай бұрын бөлінетін болады, бұл өз кезегінде шаруаларды егін егу науқаны басталмай жатып несиемен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 




Яндекс.Метрика