Адамзаттық капитал

ҚР ҚК ҚӘ әскери бөлімдерінің басшылары жауынгерлік әзірлік бойынша практикалық сабақтарға қатысуда (Фото)

Астанадағы 68665 әскери бөлімінің базасында бөлім жеке құрамының дабыл жарияланған кездегі іс-қимыл тәртібі бойынша әдістемелік сабақтар өтті.
Астана қаласы 26 Қаңтар, 08:51

Белгіленген дабыл белгісі бойынша бөлім барлық бөлімшелерінің әскери қызметшілері қойылған міндеттерді уақтылы орындауы қажет болатын. Бұл үшін бөлімнің аумағында 15 оқу орны өрістетілді,деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

 «Офицерлердің кәсіби дағдыларын желдіру тәжірибесін Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы ұсынып, Қарулы күштердің басшылығы тарапынан қолдау тапқан болатын. 2015 жылы өткізіліп отырған жиынның ерекшелігі – 2014 жылы Астанаға көшіп келген Ұлттық қорғаныс университетімен тығыз ынтымақтастықта өткізілуі. Тамаша материалдық база мен даярлығы жоғары профессорлық-оқытушылық құрам сабақтарды ғылыми көзқарасты ескере отырып, әскери іс пен командирлерді оқыту әдістемесінің жаңа сапалық деңгейінде өткізуге мүмкіндік береді», – деді ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Жұмабек Хасенов.

Бұл сабақтардың мақсаты – командирлердің дабыл жарияланған кездегі басқаруды ұйымдастыру дағдысын жетілдіру. Кез келген әскери қақтығыстың бастапқы кезеңі ең күрделі болатынын атап өту қажет. Оқу орындарында штабтың және әскери қызметшілердің іс-қимыл алгортитмі кезең-кезеңмен көрсетілді.

Командирлер бригада лауазымды адамдары мен бөлімшелер әскери қызметшілерінің дабыл жарияланғаннан жауынгерлік іс-қимыл ауданына кеткенге дейінгі жұмысының ретімен танысты. Осы практикалық сабақ ҚР ҚК Құрлық әскерлері басшылық құрамының 2015 жылғы 19-30 қаңтар аралығында өтетін командирлік даярлығы шеңберінде ұйымдастылған болатын. Бұл басқарудың жедел әрі орнықты болуы аса маңызды екенін көрсетеді. Бөлімшелердің үйлескен іс-қимылы мен әрбір әскери қызметшінің өз міндеті мен маневрді дұрыс орындауы осыған тәуелді.





Дерекнама

Яндекс.Метрика