Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Қарағанды облысында ИИДМБ аясында кешенді корытпа зауыты салынады

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков жұмыс жиынын өткізді. Жиын барысында аймақ басшысы ҚХР инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылатын жобалардың жай-жапсарымен танысты.
Қарағанды25 Қаңтар , 11:35

Облыс әкімі ағымдағы жылдың 8-ші қаңдарында қазақстандық-қытайлық қарым қатынасқа байланысты жиын өтіп, оның барысында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселесі қарастырылғанын еске түсірді. 

«Жиын барысында 22 жоба оның ішінде 3 жоба Қарағанды облысында жүзеге асырылуы мақұлданды. Оның ішінде 2 жоба ««Сарыарқа» ӘКК» құрамында, және бір жоба Шет ауданына қарасты Көктенкөл кен орнында жүзеге асатын болады», - деп хабарлады облыс әкімдігі.

Алғашқы жоба туралы «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ жобалар Дирекциясының жетекшісі Арман Сәулебай, «Разрез «Кузнецкий»ЖШС-і бақылау кеңесінің төрағасы Ермек Әлімов және «Арбат БК» ЖШС-нің бас директоры Нұрлан Сауранбаевтар баяндама оқыды.

Артынша қарағандылық кешенді корытпа зауытының құрылыс жобасы мәселесі қарастырылды. Бұл туралы компанияның бас директоры Талғат Мақаев мәлімдеді.

Облыс әкімі аталған жобалар 82,5 млрд. теңге инвестиция тартып, 3 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретіндігін жеткізді. «Жалпы бұл жоба облысымыз үшін айтулы болып келеді»,- деді аймақ басшысы өз сөзінде.

ҚХР мен бірлесіп жүзеге асып отырған үшінші жоба туралы «DalaMining» ЖШС-нің бас директоры Фархат Ерғалиев баяндады.

«Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған сарабдал саясатының арқасы»,- деді Нұрмұхамбет Әбдібеков сөз соңында.




Яндекс.Метрика