Адамзаттық капитал

Көкшетауда «Ғажайып Мұз қалашығы» байқауы қорытындыланды (Фото)

Ақмола облысының «Көкшетау балалар психоневрологиялық және тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған балаларға арналған медициналық - әлеуметтік КММ» «Ғажайып Мұз қалашығы» байқауын қорытындылады.
Ақмола 25 Қаңтар, 18:21

«Ақмола Медиа Орталығында» хабарлағандай, шара мұз қалашағын құрастыру мақсатында ұымдастырылды. Шараға белсенді түрде Назарбаев мектебінің оқушылары мен оқытушылары, Көкшетау техникалық институтының курсанттары қатысты. Акция 1 айға жалғасты.

«Көптеген балалар үшін қыс мезігілі – ғажайып мезгіл, ол қыс ертегісін жүзеге асырады. Үлкендер Көкшетау алаңында балалардың арманын жүзеге асырды», - делінген хабарламада.

КММ директоры Рысты Баймағамбетованың  айтуынша, акцияның мақсаты – балаларға қуаныш пен мереке сыйлау.

Байқаудың қорытындысы бойынша «Махаббатпен балаларға» номинациясы бойынша жеңісті Көкшетау техникалық институты иеленді.

Балалар концерттік бағдарлама дайындап, келесі мерекелерді тағатсыз күтетіндерін жеткізді.





Яндекс.Метрика