Инфрақұрылымның дамуы

Степногорск қаласында 2015 жылы ТКШ жаңғырту бойынша 2 көпқабатты тұрғын үй жөнделеді –әкімдік

ТКШ жаңғырту шеңберінде 2014 жылы Степногорск қаласында 12 тұрғын үй жөнделген.
Ақмола25 Қаңтар , 16:57

"ТКШ жаңғырту шеңберінде Степногрск қаласында 2011-2012 жылдары жалпы құны 175,2 млн тенгені құрайтын 11 тұрғын үй жөнделген, 2014 жылы - 250 млн.теңгеге 12 тұрғын үй жөнделген, 2015 жылы тағы екі көпқабатты тұрғын үйді жөндеу жоспарланған», - деп хабарлады облыс әкімдігі.

Сонымен қатар, моноқалаларды дамыту бағдарламасының аясында жалпы құны 250,4 млн.теңгені құрайтын 17 білім беру мекемесінде күрделі жөндеу жасалған. Білім беру ұйымдарына жөндеуді ары қарай жалғастыру үшін 5,8 млн.теңге сомасына ЖСҚ жасалды.

 2015 жылы 5 білім беру нысанына ортақ сомасы 91 млн. теңгені құрайтын жөндеу жасау жоспарланған.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика